USD
USD
USD

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

Кредит
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл өзгеріс 1,8 миллион адамның табысын арттыруға ықпал етеді. Оның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар.

«Біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Президент алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын да көтеруді тапсырды.

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың еңбекақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды.

Қазір оқып жатыр

«Суды ысырап етуге жол бермеу керек»: Тоқаев су тапшылығына қатысты талап қойды

көлік жуу

​Байлар көбірек салық төлеуі мүмкін: Президент жаңа ұсыныс айтты

Квазимемлекеттік сектор

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды

Тоқаев

Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды құрылыс жоспарын жариялады

Қазақстан Халқына Жолдау