Допты хоккейден финал: «Ақжайық» тартысты матчта ұтылып қалды
Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық турнирінде Оралдың «Ақжайығы» үшінші кездесуін «Кузбасс-2» (Кемерово) клубымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана, NEGE. Тартысты өткен матч 5:4 есебімен аяқталып, «Ақжайық» бір доп айырмашылығымен ғана ұтылып қалды.
Оралдықтардан ресейлік сұрмерген Максим Пахомов, команда капитаны Максим Өтебалиев, Қуаныш Темірәлин, Нұрбол Бөкешов бір-бір доптан соқты.
Ресейлік командадан Руслан Гардашов, Никита Стасенко, Владислав Буркин, Дмитрий Амзин және Роман Лапин мергендік танытты.
Енді Б тобында Николай Шавалдиннің шәкірттері 10 наурызда «Строитель» (Сыктывкар) командасымен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден финалдық турнирде «Ақжайықтың» екінші ойынында есе жібергенін жазған болатынбыз.
Қазір оқып жатыр
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған
CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?
Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты