USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Сербия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.

Сербия президенті
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екенін айтты.

Сонымен қатар екі ел басшылары орнықты дамуды қамтамасыз етуге, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қатысты сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растай отырып, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан