Референдум Референдум
USD
USD
USD

Сарайшықта зиратқа су кірмес үшін 800 метр жанама бөгет соғылды

Өр суының ағыны қатты болуы салдарынан «Атырау – Индер» тас жолының Сарайшықтан кейінгі 44 шақырымдағы жол жырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

inform.kz
Фото: inform.kz

Атырау, NEGE.  Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен жасалған бұл әдіс тасқын судың бағытын сай-салаға бұру мақсатында атқарылып отыр.

«Қазіргі уақытта Сарайшық ауылы өр суының қоршауында қалып отыр. Жолды жыру, Құрсай каналын жыру арқылы суды сай салаға ағызу жұмыстары жасалып жатқанымен, өр суының қарқыны күшейіп тұр. Ауылдан екі шақырым қашықтықта орналасқан зираттарды тасқыннан сақтап қалу үшін, жедел түрде жанама 800 метр болатын бөгет соғылды. Қазір зираттың басында 12 ауыр техника бөгетті судың жарып кетпеуін қамтамасыз етуде. Тасқынмен күрес тәулік бойы үзіліссіз жүріп жатыр»,- деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Сарайшық ауылында тасқынмен күреске арнайы техникаларды қоса алғанда, 95 сарбаз, 49 ТЖ мамандары, ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, «Казгидрометтің» 18 мамыр, 8.00 сағаттағы мәліметі бойынша, Махамбет ауданындағы су деңгейі бір тәулікте + 8 сантиметрге көтеріліп, су деңгейі 1008 сантиметрге жетті.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ерлан Қарин

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Бинұр Жәленов

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

Снежанна Имашева

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

полиция есертеді