USD
USD
USD

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады

Жексенбі, 9 маусымда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол жабылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

медеу
Фото: Zakon.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімшілігінің хабарлауынша, "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ аумағында жыл сайынғы Alatau Run-2024 тау жарысы өтеді.

"Тау жарысы екі қашықтық бойынша, яғни веложарыс пен жаппай жүгіруді, сондай-ақ жаяу тауға көтерілуді қамтиды: Медеу – Горельник, Медеу - Шымбұлақ, үш негізгі дисциплина бойынша: жүгіру, велосипед пен скандинавиялық серуендеу", - дейді Алматы қаласы әкімдігі.

Сағат 07.30-дан 10.30-ға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесі бойымен "Медеу" СК-нің іргелес бөлігіндегі тұрақтан "Шымбұлақ" МК-ге дейінгі қозғалыс ішінара жабылады.

Іс-шараны өткізу мен аталған аймақта жүріп-тұрудың шектелуі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының жаяу көтерілуі мен серуендеуіне әсер етпейді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян