USD
USD
USD

Футбол: Қатар құрамасы екінші мәрте Азия чемпионы атанды

Футболдан Қатар құрамасы өз тарихында екінші мәрте Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

футьол
Фото: the-afc.com/en/national/afc_asian_cup

Астана, NEGE. Финалда Қатар мен Иордания құрамалары шеберлік байқасты. Кездесу барысында екі құрама белсенді ойын өткізді. Гол соғатын бірнеше мүмкіндік болған еді.

Ойынның 22-минутында қатарлық Акрам Афиф пенальтиден есеп ашса, 67-минутта иорданиялық Язан Аль-Наймат таразы басын теңестірді.

Одан кейін Акрам Афиф 77, 90-минутта тағы екі мәрте пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Қатар қарсыласынан 3:1 есебімен сүріндіріп, өз тарихында екінші мәрте Азия чемпионы атанды.

Қатар бұдан 2019 жылы құрлықтық доданың жеңіс тұғырынан көрінген еді.

Дүбірлі додада Қатар құрамасы А тобында Ливан (3:0), Тәжікстан (1:0) мен Қытай (1:0) құрамаларын жеңді.

Жарыстың одан кейінгі кезеңдерінде Палестина (2:1), Өзбекстан (1:1, пенальтиден 3:2), Иран (3:2) есебімен сүріндіріп, финалға жолдама алды.

Иордания футболшылары құрлықтық додаға биыл бесінші мәрте қатысып отыр. Алғаш рет 2004 жылы доп додасында бақ сынаған олар әзірге ешқандай жетістікке жеткен жоқ еді.

Биылғы додада Иордания топтық кезеңде Малайзияны (4:0) жеңсе, Оңтүстік Кореямен (2:2) тең түсіп, Бахрейнге (0:1) есе жіберді.

Одан кейінгі кезеңде Иракты (3:2), Тәжікстанды (1:0) сүріндіріп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяны (2:0) орта жолда қалдырып кетті.

Азия кубогы ойындары 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазірге дейін Жапония - 4, Сауд Арабиясы мен Иран - 3, Оңтүстік Корея - 2, Израиль, Кувейт, Австралия, Ирак, Катар 1 реттен чемпион атанды.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен

Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?

PSA

«Рөлде мас күйдегі құқық қорғау органы қызметкері болған»: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол апаты