USD
USD
USD

Түркістан облысының білім бөлімінен 4 млрд теңге ұрланған

Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда. Білім бөлімі басшылығы мен есепшілерді қоса есептегенде 41 адам күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Түркістан, NEGE. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қылмыстық әрекеттер 2021-2023 жылдар аралығында жасалған.

"Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері өздерінің, сондай-ақ туыстары мен таныстарының есеп шоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталды. 2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірілген", - деді Түркістан облыстық прокуратурасы.

Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде екі білім бөлімінің басшысын, бір бас есепші, екі орынбасарды және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды.

"Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайлары мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды", делінген ведомство хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.