USD
USD
USD

Жарақат алғандар үшін қан тапсырылып жатыр

Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залында болған лаңкестік әрекет кезінде жарақат алғандар үшін 4 мыңнан астам адам қан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар24».

Жарақат алғандар үшін қан тапсырылып жатыр
Фото: Хабар24

Алматы, NEGE. Ниет білдірушілер өте көп: ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Әр донорлық бекетте ауыз су мен жылы шай тегін таратылып жатыр. Сондай-ақ тоңған адамдар жылынуы үшін арнайы автобустар қойылған.

Айта кетейік, бүгін Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні. Барлық мемлекеттік органдарда ту түсіріліп, салтанатты іс-ашаралар тоқтатылған. 22-ші наурызда бір топ қарулы адам концерт залына кіріп, оқ жаудырған. Соңғы мәлімет бойынша шабуылдан 133 адам көз жұмып, тағы 145-і жараланды. Ресей тергеу комитеті террорлық актіге қатысы бар 11 күдіктіні ұстағанын хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс