USD
USD
USD

Нұрлыхан Шархан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдесіне ие болды.

Нұрлыхан Шархан
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ол әлемдік жарыстың кіші финалында Айх Даниэльден (Швейцария) басым түсті. 

Нұрлыхан Шархан іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Ол алғашқы айналымда Натаниэль Киваны (АҚШ), одан кейін әлем рейтингінің үшінші орнында тұрған Нидерланды спортшысы Майкл Коррелді ұтты. Ширек финалда Александр Куколды (Сербия) қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилимен кездесіп, қарсыласына есе жіберген болатын. 

Айта кетерлігі, Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысына әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 1000 ұпай, ІІ орынға – 700, ал ІІІ орынға 500 ұпайдан қосылады.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік