USD
USD
USD

Ресейде Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті

Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Тіұшақ
Фото: Сергей Бобылев/ ТАСС

Алматы, NEGE. «Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы діттеген жеріне келмеді деген хабар түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі бар», - деп хабарлады ТАСС ақпарат көзіне.

Оның айтуынша, тікұшақты іздеу үшін әуе компаниясының тағы бір ұшағы көтерілген, тағы бір Ми-8 тікұшағы мен жердегі құтқару тобы бағыт бойынша жүруге дайын.

«Жоғалған тікұшақ Вачкажец жанартауы – Николаевка ауылы бағытымен жүрді. Қашықтық 25 шақырым», - деп атап өтті жедел қызмет өкілі.

Федералдық әуе көлігі агенттігінің мәліметінше, ұшақта 22 адам болған.

«Камчатка өлкесінде «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8Т тікұшағын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. <…> Тікұшақтың бортында алдын ала мәлімет бойынша 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы бар», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы