USD
USD
USD

Атырауда жүк вагондарын шығаратын зауыт іске қосылды

Атырау облысында ашылған жаңа зауытта жүк вагондары құрастырыла бастады. 

Атырауда
Фото: Казинформ

Алматы, NEGE. Атырау облысында ашылған жаңа зауытта жүк вагондары құрастырыла бастады. Бұл – мұнайлы өңірде іске асырылған инвестициялық жобаның бірі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың айтуына қарағанда, соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібінің орташа өсу қарқыны 4,5%-ды құраған. Оның ішінде машина жасау саласындағы өсім – 17,6%.

Ал, Атырау облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің дерегіне қарағанда, мұнайлы өңірде шетелдіктермен бірлескен 1 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Машина жасау саласында 150 ірі, орта және шағын бизнес нысаны бар.

«Аймақта мұнай-химия өнімдерін өңдеу бағытында іске асырылып жатқан ірі жобалар бар. Енді машина жасау өндірісіне назар аударылып отыр. Бұл инвестициялық жобаның өңір үшін маңызы зор. Біріншіден, «Теңіз» кен орнындағы келешек кеңею жобасының аяқталуына байланысты босаған жұмысшыларды жұмыспен қамту мәселесін оңтайлы шешуге септігін тигізеді. Екіншіден, экспортқа бағытталған өнімдердің өсіміне ықпал етеді. Үшіншіден, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді», - дейді Марат Мурзиев.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат