USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

акбокен
Фото: Бөкей ордасы ауданы әкімдігінен

Орал, NEGE. Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, оқиға 12 сәуір күні кешкісін Мұратсай ауылдық округінде болды.

Ауыл маңындағы Мұратсай су қоймасынан 1 мыңнан астам киіктің өлексесі табылды.

«Сәуір айында осы Мұратсай ауылының тұсымен киіктер Жәнібек ауданына қарай төлдеу үшін өтеді. Әлсіз болды ма, әлде бірін-бірі тапап өлтірді ме, себебі белгісіз. Қазіргі кезде «Охотзоопром» мекемесі, «Бөкейордасы» табиғи резерваты, аудан және ауыл әкімдігі қызметкерлері, ветеринар мамандар судан өлекселерді шығарып, шұңқырға көму жұмыстарын жүргізбекші. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен ғалымдар келмекші. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері судан сынама алды. Жағдай бақылауда. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», – деді Н.Даумов.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті