USD
USD
USD

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 мыңға жуықтады

  Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан әскери операциясында қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 857-ге жетті. Бұл туралы жұма күні анклавтың медициналық органдары баспасөз хабарламасында жарияланды, деп жазады Синьхуа.

палестина
Фото: Anadolu

Алматы, NEGE. Кейінгі 24 сағатта Израиль армиясы шабуылынан 57 палестиналық қаза тапқан, тағы 93-і жараланған. Осылайша, 2023 жылдың қазан айында Палестина-Израиль қақтығыс басталғаннан бері қаза тапқандардың жалпы саны 35 857-ге және жараланғандар саны 80 293-ке жетті.

Жергілікті ақпарат көздері мен куәгерлердің хабарлауынша, жұма күні Израиль әскери ұшақтары Газа қаласының шығысындағы тұрғын үйге соққы жасаған.

Азаматтық қорғаныс қызметі қысқаша мәлімдемеде үйдің қирандыларынан сегіз адамның, оның ішінде балалар мен әйелдердің мәйіттері табылғанын хабарлады.

2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС-тың елдің оңтүстік бөліктеріне жасаған тосын шабуылына жауап ретінде Израиль Газа секторындағы топқа қарсы ауқымды шабуылды бастады. Қақтығыс басында 1200-ге жуық адам қаза тауып, 250-ден астамы кепілге алынған.

Дерек көзі: Қазақпарат.

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы