USD
USD
USD

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен үш бала табылды

23 наурызда кешке қарай Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында үш баланың жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен үш бала табылды
Фото: Фото: pixabay

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 2024 жылы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, сол күйі үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жоғалған балалар - 2012, 2014, 2018 жылы туғандар.

"Іздестіру жұмыстарына өңірлік ТЖД-ның жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24 наурызға қараған түні сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылыс нысанынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады",- дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова