USD
USD
USD

Қазақстанда жұмыс күні бір сағат ерте басталуы мүмкін

Елімізде жұмыс күні бір сағат ерте басталуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бюджеттік мекемелер мен жеке компанияларға жұмыс кестесін қайта қарауды ұсынып отыр, деп хабарлайды КТК.

Жұмыс
Фото: Pinterest

Алматы, NEGE. Бұған бірыңғай уақыт белдеуіне көшу себеп. Өйткені қыста күн қысқарғанда үйге қараңғыда қайтпас күшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту қарастырылуы мүмкін. Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, жұмыс кестесін өзгерту соншалықты қиын емес. Жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісіп, оны екі жақты келісімшартпен бекітсе болғаны.

Мәселен, жұмыс күні сағат 9-да басталатын мекемелер 8-де бастауға келісе алады. "Еңбек кодексі бұған рұқсат етеді" дейді министр.

"Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында келісімшарт бар. Жұмыс кестесін екеуі бірге жасайды. Сондықтан қараңғы уақытта жұмыс істемеу үшін, мысал келтірсек, жұмыс тоғызда басталса, жұмыс берушімен келісіп, сағат сегізден бастаса, бір сағатты қысқартады. Сондай ұсыныс беріліп отыр", – деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында дәрігер қателегінен жүкті әйел баласынан айырылып, мүгедек болып қалған

Жүктілік

Сыра және көлік ақауы: Александр Пак сотта әл-Фарабидегі апатқа қатысты өз нұсқасын айтты

жол апаты

Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптады

Тоқаев

Дүниежүзілік банк Қазақстанды жасанды интеллект саласында негізгі серіктесі болуға шақырды

Кездесу