USD
USD
USD

Елде ұшақ тапшылығы туындауы мүмкін

Алдағы 6 жылда елде ұшақ тапшылығы туындауы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

ушак
Фото: zakon.kz

Астана, NEGE. Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Үкімет басшысына жолдаған сауалында елімізде жолаушы тасымалын 99 әуе кемесі іске асырып жатқанын мәлімдеді. 2030 жылға қарай жолаушы саны 24 млн-ға жетеді деген болжам бар. Соңғы 30 жылдан бері әуе паркін жаңарту жұмысы мардымсыз жүргізілген. Сондықтан қолданыстағы әуе флотының қысқару қаупі бар. Сенатор өңірлік әуежайлардың талапқа сай болуы үшін инвестиция тарту қажеттігін атап өтті. Бүгінде тек 10-ы ғана тәулік бойы жұмыс істейтін қону жүйесімен жабдықталған. Әуежайларды шетелдік компанияларға тапсыру да ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мәселе туындатады. Бұл ретте Сенатор авиация мекемелерін бірлесіп басқару тетігін енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ кадрлар даярлығына көңіл бөліп, университеттер базасында ғылыми-зерттеу институттарын құру маңызды. Оған қоса отандық зауыттарды авиаотын өндіруге қайта бағдарлау қажет.

Еске сала кетейік, әуемен қатынайтындардың 70%-і «Air Astana»-ның үлесінде болса, SCAT жолаушының 23%-ін, ал қалғанын «Qazaq Air» тасиды.  

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев