USD
USD
USD

Қырғызстан ағаш және ағаш өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Қырғызстаннан ағаш пен ағаш материалдарын ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары аймаққа шығаруға уақытша тыйым салуды енгізу туралы қаулыға қол қойды, деп жазады Кабар агенттігі.

Ағаш өнімдері
Фото: Kabar

Алматы, NEGE. Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрлігіне Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен уақытша тыйымның енгізілгені туралы хабардар ету тапсырылды.

«Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулы күшіне енген күннен бастап үш күннен кешіктірмей Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетін жоғарыда аталған уақытша тыйымның енгізілгені туралы хабардар етсін.

Мемлекеттік кеден қызметі мен Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тауарларды заңсыз әкетудің жолын кесуге бағытталған қажетті шараларды қабылдасын», - делінген құжатта.

Қазір оқып жатыр

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз