USD
USD
USD

Павлодарлық компания жабдық сатып алуға берілген 90 млн теңге несиені мақсатсыз жұмсаған

Кәсіпорын ұсынған шот-фактура салық органының ақпараттық жүйесінде тіркелмеген. Ал сатып алынған жабдық ретінде тозығы жеткен құралдарды көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ашық
Фото: Ашық дерек көздерінен

Павлодар, NEGE. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Портал-ПВ» ЖШС арасында қарыз туралы шарт жасалып, ол бойынша корпорация субъектіге 90 млн теңге көлемінде заем берген. Қарызды төлеу мерзімі - 2028 жылға дейін.

Алайда жүргізілген аудит барысында серіктестіктің «Портал-ПВ» компаниясына «Ивенс Павлодар» ЖШС-мен 90 млн теңгеге берілген шот-фактуралар салық органының ақпараттық жүйесінде жоқ болып шыққан. Бұған қоса кәсіпорын сатып алдым деп көрсеткен жабдықтары 1980 жылдары шығарылған, ескі құралдар екені анықталды.

«Павлодар» ӘКК» «Портал-ПВ» ЖШС-нен 82,5 млн теңге қарызды, 1,15 млн теңге сыйақыны, сондай-ақ 22,5 млн теңге айыппұлды мерзімінен бұрын өндіріп алу туралы сотқа талап арыз түсірген.

«Талап қоюшы жауапкерге төлем, мерзімділік, қамтамасыз ету, қайтару және мақсатты пайдалану шарттарымен несие берген. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қою қанағаттандырылды. Апелляциялық шағымда жауапкер бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұрады. Бірақ жауапкер алынған заемның мақсатты пайдаланылғанын растай алмады. Тексеру барысында сатып алынған құрал-жабдықтың жаңа еместігі, өндірісте бұрыннан қолданылғаны анықталды. Талапкердің дәлелдері аудиторлық есеппен, жоба мониторингінің және заемды мақсатты пайдалануды тексеру актілерімен расталады», -деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот алқасы шешімді өзгеріссіз, ал жауапкердің апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енді. Жауапкер аталған соманы 3 күннің ішінде қайтаруы керек.

Қазір оқып жатыр

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Өрт сөндіру

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Мамырдағы мереке

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Ризуан мен Алтынбек

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Бітіру кеші