USD
USD
USD

Almaty TV жаңа маусымын бастайды

Өзінің 25 жылдығына орай «Almaty» телеарнасы көрермендерді жаңа телемаусымымен қуантуға дайын.

Наурыз мейрамы
Фото: Almaty.tv

Алматы, NEGE. Наурызға арнап телеарна жарқын әрі рухты бағдарламалар дайындап отыр. Олардың ішінде «Біржан-Сара ізімен» айтысының жалғасы, «Алматы ән қанатында», көрермен көзайымына айналған музыкалық шоу «Жұлдызды караоке», «Кешкі Алматы» сияқты бағдарламалар бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген көлемді сұқбатында Наурыз мерекесінің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті.

«Наурыз – жаңарудың белгісі, сондықтан оны жаңаша: ерекше бір элементтер енгізіп, мағыналы, креативті түрде тойлау керек. Бұл қоғамның бірігуіне, біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал етеріне сенімдімін», – деген еді ел Президенті.

Көктем мен жаңару мерекесінің құрметіне телеарна бірқатар отандық кино және анимация өнімдерін дайындады. Сонымен қатар, көрермендер үшін сыйлық ұтып алу сияқты көптеген тосынсыйлар бар.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян