USD
USD
USD

Майқайыңда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Майқайың кенті мен «Богатыр Көмір» АҚ-на су жеткізетін магистральдегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Барлығы 119 адам және 48 мамандандырылған техника жұмылдырылған.

Павлодар облысы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Өңір басшысы Асайын Байханов Майқайың кентіндегі диаметрі 1 020 мм суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысын өткізді.

Мамандар құбырдың әрбір учаскесінде мұз қату мен мен ауаның тұрып қалу жайттарын тексеріп жатыр. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілуде. Жекелеген учаскелердегі желінің айналасына көмір мен шпал үйіліп, от жағылған. Осылайша қатып қалған құбырлар жібітіліп жатыр.

«Майқайың кентіне су төмен қысымда беріліп жатыр. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі - 250 текше метр. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар әрі ол тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған. 23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады», - деп мәлімдеді өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов