USD
USD
USD

Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды

2024 жылғы 28 маусымдағы NU Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Президент қызметіне Ұлыбританияның азаматы А. Вакар таңдалды.

NU
Фото: NU

Алматы, NEGE. А. Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған.

Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.

NU
Фото: NU

2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания Премьер-Министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарған.

2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болды. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.

Сонымен қатар ол – беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.

Қазір оқып жатыр

Енді Олимпиадаға «артық» адамдар жіберілмейді: Қазақстанда спорт делегацияларының саны шектелмек

Норматив

Алматы облысында көліктерді заңсыз тіркеген полиция және «ЦОН» қызметкерлері сотталды

көлікті заңсыз тіркеу

Қызға талап көп, ұлға неге аз: Қазақстанда әкелер институты әлсіреді ме?

отбасы, ата-ана, әке

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

мұнай бағасы