USD
USD
USD

Ақтөбеде 3 бала мен оларды құтқармақ болған әкесі суға батып кетті

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының орталығында үш бала мен 39 жастағы ер адам суға батып кетті.

Ырғыз өзені
Фото: Казинформ

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылы Ырғыз өзенінде тіркелді.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1985 жылы туған ер адам 2011, 2013, 2017 жылы туған үш баланы құтқармақ болған.

Оның екеуі — өз баласы, біреуі туысы.

— Суға шомылу кезінде балалардың қасында ата-анасы болған. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар 4 адамның денесін судан шығарды. Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов