USD
USD
USD

Зарина Раифова пара дзюдодан Гран-при турнирінде алтын алды

Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирі қазақстандықтар үшін табысты аяқталды, деп хабарлайды Kazinform. 

Зарина Раифова
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні Зарина Раифова J2 санаты бойынша +70 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қазақстандық парадзюдошы финалда кубалық қарсыласын вазари әдісімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ Аяла Мереке дәл осы санатта 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасында Жұқамырза Шүкірбеков J2 санаты бойынша +90 кг салмақта үздік үштікке ілікті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Гран-при жарысында барлығы 5 медаль жеңіп алса, оның екеуі – алтын, үшеуі – қола.

Қазір оқып жатыр

«Бізде бай депутаттар көп емес»: Айдос Сарым әріптестерінің әл-ауқаты туралы айтты

Айдос Сарым

«Суды ысырап етуге жол бермеу керек»: Тоқаев су тапшылығына қатысты талап қойды

көлік жуу

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Кредит

​Байлар көбірек салық төлеуі мүмкін: Президент жаңа ұсыныс айтты

Квазимемлекеттік сектор