19 Наурыз 10:24

2024 жылғы ақпанда көпбалалы отбасылар 39 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды

Жәрдемақы
Фото: Фото: из открытых источников

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 574,5 мың отбасы жалпы сомасы 77,1 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы алды, оның ішінде ақпан айында 577,3 мың отбасыға 39 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Алматы, NEGE. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

– 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

– 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

– 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

– 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқан.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.