23 Шілде 13:36

Аз қабатты әрі сейсмикалық қауіпсіз тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Arman City
Фото: SABA GROUP KZ

Былтыр Түркияда болған жойқын зілзаладан кейін жұрт көпқабатты үйде тұрудан жүрексініп қалды. Бір сәтте қаншама үй опырылып, 50 мыңнан астам адам көз жұмды.

Алматы, NEGE. Одан кейін биыл Алматыда бір емес, бірнеше мәрте жер сілкінісі тіркелді. Бұған дейінгі үрей еселене түсті. Сол кезде «Сақтансаң сақтайды» демекші, көпқабатты тұрғын үйдің жоғары қабатында тұратындар пәтерін сатып, жер үй іздеп кетті де. Егер сейсмикалық жағынан төзімді болса, әңгіме басқа. Өйткені, кейінгі жылдары салынып, пайдалануға берілген тұрғын үй кешендерінің сапасы сын көтермейтіні талай тілге тиек етілген.
        Енді мұның амалы мен шешімін құрылыс компаниялары ойластыра бастапты. Мәселен, тұрғын үй салу нарығында 11 жылдық тәжірибесі мен өз қолтаңбасы бар SABA GROUP KZ құрылыс компаниясы осы олқылықты ескеріп, қабаты аз, 10 баллға төтеп беретін сапалы инновациялық кешендер салуды қолға алды.

Arman Sity
SABA GROUP KZ

 11 жылда 12 тұрғын үй кешенін бой көтерген компанияның пәтерінде 5 мыңнан астам адам тұрып келеді. Себебі, компания іргетасы қаланған сәттен ақша құйғандарға кілтін айтқан уақытында табыс етуде. Осы жолы да құрылыс компаниясы берген уәдесінде тұрып, Алматы қаласының экологиялық таза Медеу ауданында орналасқан Arman City тұрғын үй кешеніндегі бірінші кезек бойынша алғашқы пәтерлерді қолданысқа берді. Мұны кәдімгі жанға керектінің бәрі бар арман қалашығы дерсің. Арнайы эко бульвары, балалар алаңқайы, спортпен шұғылданатын варкаут алаңы, тұрғындар мен алматылықтар демалатын саябақ та (әкімдік қолдауымен) SABA GROUP KZ құрылыс компаниясы есебінен салынған.  

Arman Sity
SABA GROUP KZ

     Сондай-ақ, тұрғындарға жылдың қай мезгілінде де жайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін автономды жылыту жүйесі қарастырылған. Заманауи технология мен инженерлік шешімнің арқасында әр пәтер жылытудың тәуелсіз жүйесімен қамтамасыз етілген. Яғни, бұған қосылған тұрғындар температураны өз қалауынша азайтып, көбейтіп реттей алады. Осындай табиғаты әдемі, ауасы таза, жанға жайлы, ең бастысы сейсмикалық жағынан қауіпсіз салынған Arman City тұрғын үй кешенінің екінші легіндегі пәтерлерге сатылым ашық деп жарияланды. Ендеше сіз де өз арманыңыз бен қалауыңыздағы пәтерге қол жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.