USD
USD
USD

21 сәуірде еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды деп болжанды

"Қазгидромет" РМК 21 сәуірде Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қалай болатынын айтып, өз болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 сәуірде еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды деп болжанады
Фото: Zakon.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, 21 сәуірде ауаның ластануына байланысты Ақтөбе, Астана, Алматы, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

Көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;

Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар дәрі-дәрмегін өзімен бірге алып жүруі тиіс;

Таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.