Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады

Бүгін, 10 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді. Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіледі, деп хабарлады Kazinform. 

Қазақстан құрамасы
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Әлем чемпионаты элиталық дивизионы В тобында Қазақстан құрамасы Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Ал А тобында Канада, Финляндия, Швеция, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания шеберлік байқасады.

Бүгін А тобында Швейцария мен Норвегия, Чехия мен Финляндия кездессе, В тобында Словакия мен Германия, Швеция мен АҚШ ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 11 мамырда Францияға қарсы өткізсе, бұл топтағы тағы кездесуде Польша мен Латвия мұз айдынға шығады.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын.

Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда төрт жыл қатарынан ойын көрсетіп келеді.

Еске салсақ, ұлттық құрама елордада өткен Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресейге 0:1, Беларуське овертаймда 4:5 есебімен жеңілді.

Одан кейін ел құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында Чехия мемлекетінде Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz