USD
USD
USD

Олимпиадаға қатысқан Мария Бровкова әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Өзбекстанның Самарқан қаласында байдарка мен каноэ есуден ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында батысқазақстандық Мария Бровкова жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпион
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Мария 500 метр қашықтықта каноэ есуден қола жүлдені жеңіп алды.

Қазақстандық ескек есу шебері украиналық және чилилік спортшыдан кейін мәре сызығын үшінші болып қиды. Бұл – 19 жастағы Мария Бровкованың ересектер арасында әлем біріншілігіндегі алғашқы медалі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.

Аталмыш чемпионат одан әрі жалғасуда.

Мария Бровкова сонымен қатар микстан (екі ер, екі әйел адам) 500 метр қашықтықта финалға шықты. Финалдық жүзу кейін болады.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов