USD
USD
USD

Ресей теннисшісі Александр Шевченко Қазақстан атынан өнер көрсететін болды

Теннисші Александр Шевченко Қазақстан атынан өнер көрсететінін мәлім етті, деп хабарлады Kazinform.

Теннис
Фото: Инстаграм

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы спортшының мәлімдемесін Instagram желісіндегі парақшасында ресми жариялады.

«Өз ойыныммен жанкүйерлер көңілінен шығамын деп үміттенемін және осы сәтті асыға күтемін. Бұл ел маған сенді, сондықтан осыны дәлелдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын» деді Александр Шевченко өз бейнежазбасында.

Бұған дейін Ресей атынан сынға түсіп келген 23 жастағы Александр Шевченко әлемдік АТР рейтингісінде қазіргі кезде 48-орында тұр.

Ол Александр Бубликтен кейін Қазақстанның екінші ракеткасы атанады.

Осыған дейін А.Шевченко АТР жарыстарында чемпион атана қойған жоқ.

Дегенмен өткен жылдың қараша айында Францияда Метц АТР 250 турнирінде финалға дейін жетіп, корт иесі Уго Умберге есе жіберді — 3:6, 3:6.

Бұл табыс оған әлемдік рейтингіде үздік елу теннисшінің қатарына енуге мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия