USD
USD
USD

Алматыда жол апатына ұшыраған көлік ұрланған, ал тізгініндегі жүргізуші мас болып шықты

24 наурызда Алматыда қатты соққы салдарынан екі көлік екі жаққа ұшты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда жол апатына ұшыраған көлік ұрланған, ал тізгініндегі жүргізуші мас болып шықты
Фото: Zakon.kz

Алматы, NEGE. Жол апаты Райымбек даңғылы бойында болған. Volkswagen Jetta автокөлігі батыс бағытта жүріп келе жатып, Өтеген батыр көшесіне жетпей бұрылмақшы болады.

Бұрылу кезінде оны Chevrolet Оnix көлігі бар жоғары жылдамдығымен келіп киіп кетеді.

Соққыдан екі көлік те әртүрлі бағытқа ұшып түскен, салдарынан екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді.

Zakon.kz тілшісі жол апатына дейін Chevrolet-тің ізіне полиция түскенін, ал аталған көлік Алматы облысында іздеуде болғанын біле алды. Жол апатынан зардап шеккендердің бағына орай жақын маңда жедел жәрдем көлігі тұрған, соның арқасында олар жақын маңдағы ауруханаға тез жеткізілді.

Сондай-ақ, полицейлер ұрланған көлікті тізгіндеген жүргізушінің мас күйде болғанын, оған қатысты көлікті ұрлап әкету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды