USD
USD
USD

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

  Бұл жайында Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

фитч
Фото: corporatefinanceinstitute.com

Астана, NEGE. Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам — "тұрақты".

Еліміздің рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарына — елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық жағдай, мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге орташа әсер ету еніп отыр.

Fitch Ratings сарапшылары валюталық резервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақ импорттың қалыпты өсуі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шот тапшылығының қысқаруын болжауда.

Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуін шектейтін жаңа фискалдық ережелер және Қазақстанның Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт салық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.

Бұған қоса, Fitch қайталама санкцияларды енгізудің салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін және олардың Қазақстан экономикасына әсерін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті