USD
USD
USD

Алматы облысындағы балаларды қолдау орталығы нанды 354 теңгеден сатып алып отырған

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында ӘМАТ-ты жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.

Агенттікпен анықталғандай жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.

Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.

Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

Қазір оқып жатыр

Астанада ғимарат қасбетіндегі кондиционерлерді жасыру міндеттелмек

Астананың код-дизайны

Қостанайда ернін үлкейткісі келген әйел ота жасаған маманды сотқа берді

ерін үлкейту

Wildberries қоймаларындағы өрт қазақстандықтарға қалай әсер етеді

Интернет дүкені

Балаева «Ахуал сегодня» YouTube авторының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева