USD
USD
USD

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министр болды

Рамзан Қадыровтың кенже ұлы Ахмат Қадыров орден тағынып, жоғары лауазымды қызметке тағайындалды - Шешенстан басшысының 18 жастағы ұлы Республиканың жастар ісі жөніндегі министрі болды.

Ахмат Қадыров
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов құттықтап, жазба жариялады.

Менің қымбатты жиенім Шешенстан республикасының жастар ісі жөніндегі министрі Ахмат Қадыровты Қадыров орденімен құттықтаймын! Мен оған бүгін «Техноспорт первых» спорт фестивалінің ашылу салтанатында Шешенстан республикасының ең жоғары наградасын табыстауға қуаныштымын, - деп жазды Даудов.

Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Шешенстанның дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Сол айда Ахмат Қадыров 18 жасқа толған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС