Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Теннисші Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Сан-Луис-Потоси (Мексика) челленджер турнирінің іріктеу сайысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Спорт
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. Іріктеу сатысында 1-ракетка болып тіркелген Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 825-орында тұрған мексикалық Алан Фернандо Рубио Фьерростың мысын басты.

Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 476-сатыдағы германиялық Эльмар Эюповичпен кездеседі. Оны ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.

Бейбіт Жұқаев биылғы қаңтардан бері түрлі додаға қатысқанымен, жолы болмай жүрген еді.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жұптық сында да жарыс жолын аяқтады. Ол аустриялық Себастьян Офнермен бірге алғашқы айналымда нидерландылық Сем Вербек – аустралиялық Джон Патрик Смитпен ойнап, 6:7 (8:10), 6:4, 5:10 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, Майамиде Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева ғана қалды. Олардың жекелей сындағы матчтары бүгін кешке белгіленген.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz