Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жалғас Жұмағұлов америкалық қарсыласынан басым түсті

Бүгін «Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 турнирі өтті. Аталған турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов америкалық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

жалгас
Фото: видеодан кадр/SPORT+ QAZAQSTAN арнасы

Алматы, NEGE. Атап айтсақ, жерлесіміз үш раундқа жоспарланған айқаста америкалық файтер Кливленд Маклинмен (17-11) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізсе, Кливленд Маклин он екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Жұмағұлов үшін бұл UFC-тен кеткеннен кейінгі екінші жекпе-жек болды. Ол желтоқсан айында Naiza FC 55 турнирінде жапондық файтер Масато Накамураны (9-8) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат