Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шавкат Рахмонов UFC рейтингіндегі жалғыз көшбасшы атағынан айырылды

Шавкат Рахмонов жеңілмейтін спортшы рейтингі көшбасшысынан түсіп қалды.

жеңілмейтін спортшы рейтингі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (18-0) енді америкалық промоушеннің жеңілмеген үздік жауынгерлері рейтингін жалғыз бастап тұрмайды. Ең жеңіл салмақтағы ресейлік Мовсар Евлоевпен (18-0) жекпе-жектен кейін бұл тізімнің басына Евлоев те енді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Енді жеңіліс көрмеген ең мықты UFC файтерлерінің тізімін 29 жастағы Рахмонов пен Евлоев бастап тұр. Екеуі де кәсіпқой жекпе-жекте – 18-0. UFC демеушілігімен Шавкат 6, ал Мовсар 8 жеңіске жеткен. Дегенмен Шавкат бұл додалардың бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ал Евлоев тек төрешілер шешімімен қол жеткізген.

Бұл рейтингтегі үшінші орында тағы бір қазақстандық – жеңіл салмақта өнер көрсететін Азат Мақсұм (17-0) тұр. Ол екі аптадан кейін, 4 ақпанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Чарльз Джонсонмен (13-6) жұдырықтасады.

Сонымен қатар үздік бестікке ресейлік Умар Нурмагомедов (16-0) пен эквадорлық Майкл Моралес (16-0) енді.

Қазір оқып жатыр

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 400 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады

Микрофон

Алматы облысында жеке сот орындаушысы құмар ойынға 140 млн теңгеге жуық қаржы салған

жеке сот орындаушысы

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Кісен