Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Кукушкин
Фото: ktf.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 187-ракеткасы, иорданиялық Абедалла Шелбайхпен шеберлік байқасты.

Екі сетте де 6:4, 6:4 есебі тіркеліп, Кукушкин жеңіске жетті.

Бір сағат 36 минутқа созылған бәсеке барысында ол 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Иорданиялық спортшы 8 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнттан ештеңе шығара алған жоқ.

Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, чехиялық Якуб Меншикпен таласады.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат