USD
USD
USD

Олжас Бектенов Құлсары тұрғындарымен кездесті

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Құлсарыға барып, су тасқыны жағдайын тексеріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. 

Құлсары
Фото: Үкімет үйі

Алматы, NEGE.  Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы ағымдағы жағдайды тексерді. Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады.

«Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты» — делінген хабарламада.

Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр.

Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілді.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан. Осы уақытқа дейін 28 551 адам эвакуацияланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ