2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Павлодарда сотталушылар киіз үй жасап жарысты

Байқау қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеп жатқандар арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

киіз
Фото: Облыстық ҚАЖД

Павлодар, NEGE. Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәлімдеуінше, №45 қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар арасында қолда бар қаражаттан жиналған үздік киіз үйге байқауы өтті.

- Байқауға тоғыз жасақ қатысты. Әркім өз өнімін ұсынды. Киіз үйлер сымнан, гипстен, сіріңкеден, қағаздан, киізден, ағаштан және картоннан жасалды. Біреу тек сыртқы макетін жасаса, енді біреуі әшекейлерімен толтыруға тырсты. Сотталғандарға өнімді жасауға тура бір апта уақыт берілді. Байқау Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды, - деді мекеме бастығының орынбасары Арман Жүсіпов.

Наурыз мерекесі қарсаңында өңірдің барлық колонияларында сотталғандар үшін мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар жоспарланды.

Байқау қорытындысы бойынша сотталғандар таза ағаштан киіз үй жасаған №3 жасақ бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орынды №7 және 4 отрядтар өзара бөлісті. Жеңімпаз болғандарға қырыну жиынтықтары мен кеңсе керек-жарақтары және мекеме бастығының құқықтарымен көтермелеуі берілді.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті