USD
USD
USD

Атырау облысында 38 бас киіктің өлексесі табылды

Атырау облысы Махамбет ауданының Таңдай ауылдық округіне қарасты Қалмақты ауылының маңында 38 бас киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

атырау
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Атырау, NEGE. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бақыт Қаметов Facebook желісінде жариялаған факт бойынша материалдар 2024 жылғы 26 қаңтарда Махамбет аудандық ІІБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Атырау облысының аумағында киік санын реттеу шаралары киіктерді және оның дериваттарын реттеу механизмі бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес 2024 жылғы 16 қаңтарда басталды.

Киіктердің санын реттеу "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторларының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

"Бекітілген алгоритмге сәйкес реттеу нәтижесінде алынған киік ұшалары міндетті түрде асқазан-ішек жолын алып тастап, ішкі мүшелері, басы және терісімен ветеринарлық бақылау үшін ет комбинаттарына жіберіледі, мал дәрігерлері ұшаларды қарап байқаған соң ветеринариялық анықтама береді. Киік мүйіздері белгіленген талаптарды сақтай отырып, "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК дериваттарға есеп жүргізетін жауапты қызметкерінің және аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекцияларының мемлекеттік инспекторларының бақылауымен бөлінеді және кейіннен "Охотзоопром» ӨБ" РМҚК сақтауға жіберу үшін міндетті түрде таңбалауға жатады, - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай жалпыұлттық деңгейдегі ашық диалог алаңы ретінде қызмет етуі тиіс – Президент

Құрылтай

ҚХП-ның жаңа төрағасы: Дариға Назарбаевамен ешқандай туыстығым жоқ

.

Тоқаев: Үкімет инфляцияны төмендетіп, экономиканы жаңа үлгіге көшіруі керек

Парламент палаталарының бірлескен отырысы

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанға әсер ете ме?

Тимур Сүлейменов