USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында екі жол апатынан 4 адам көз жұмды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі оқиға да 20 қаңтар күні Орал-Атырау жолында болды.

адам көз жұмды
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Сағат 16.55-те Ақжайық ауданы Самал ауылы маңында 1983 жылғы өзбекстандық азамат «Мазда СХ-7» автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп «ДАФ» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісіне қоса 1984 жылғы әйел мен 2012 жылғы жасөспірім ұл оқиға орнында қаза тапты. 2009 жылғы жасөспірім Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Бұлардың барлығы - Өзбекстан азаматтары.

Екінші жол апаты таңғы сағат 09.00 шамасында Орал-Атырау жолының 79-шақырымында болды. 1963 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Volkswagen Passat» автокөлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылған. Содан қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен түйісіп, «Volkswagen Passat» жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

«Қазіргі кезде осы оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт