USD
USD
USD

Қырғыз кәсіпкерлері Атырау облысының экономикасына инвестиция салуы мүмкін

Қырғыз кәсіпкерлері Атырау облысының экономикасына инвестиция салуы мүмкін. Бұл мәселе Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесуінде талқыланды.

Бизнес
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Әкімнің мәліметінше, биыл алты айда Атырау облысы мен Қырғызстанның сыртқы сауда айналымы 3,2 млн АҚШ долларына тең. Бұған екі елдің мәдени-гуманитарлық, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастығы оң әсерін тигізген. Сол себептен, іскерлік қарым-қатынасты жетілдіруге қатысты барлық ұсынысты.

«Тәуелсіздік алған кезеңнен бері екі ел арасында бауырластық қарым-қатынас пен сауда-экономикалық байланыс орнады. Қазір Атырау облысында қырғыз капиталы салынған 20 кәсіпорын тіркелген. Олар қызмет көрсету, ойын-сауық, көтерме сауда және басқа салаларда қызмет көрсетеді. Осыған байланысты біз өз тарапымыздан екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, қырғыз инвестициясын тартуға және бірлескен кәсіпорындар құруға біз өз тарапымыздан қызығушылық танытып отырмыз. Қырғызстан мен Атырау облысының кәсіпкерлері бірлескен жобаларды іске асырса, елдеріміз арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен өзара тиімді әріптестіктің нығаюына тың серпін берер еді», - дейді Серік Шәпкенов.

Қырғызстанның елшісі Дастан Дюшекеевтің айтуына қарағанда, бауырлас елдердің халықаралық түйткілді мәселелерге қатысты ортақ ұстанымы бар.

«Екі елдің арасында ежелден көршілік хақын бұзылмай, ынтымағы жарасып келеді. Қазір сол ынтамақты одан әрі нығайтудың мүмкіндігі зор. Елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде сауда-саттықты жетілдіре түсуге болады. Экономикаға инвестиция тартуға кедергі болатын мәселе жоқ. Тіпті, транзит және көлік, туризм салаларындағы қатынастарды дамытудың перспективасы бар», - деді Дастан Дюшекеев.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов