USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі сарбаздардың өліміне қатысты түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер туралы жарияланымдарға қатысты түсініктеме берді.

Қорғаныс министрлігі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық ұланда орын алды және оның Қарулы күштерге қатысы жоқ.

2024 жылғы 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Досымжан Сәлімжанның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленетін болады. Қорғаныс ведомствосы да, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі.

Әскери қылмыстарды тергеу барысын ҚР Бас прокуратурасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды.

Қарулы күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов