USD
USD
USD

Павлодарда жоғалған әйел адам шаруа қожалықтан табылды

Полиция оның көрші ауылға кетіп, жұмысқа орналасқанын анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

теріс
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жуырда 25 сәуірде әйел адам 10 сәуірде үйден кетіп, туыстарымен байланысқа шықпаған қызын іздестіру туралы өтінішпен полицияға жүгінген. Сол күні жедел уәкілдер жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті жедел іздестіру іс-шаралары кешенін ұйымдастырды.

Ағымдағы жылдың 11 мамырында қабылданған шаралардың нәтижесінде 36 жастағы қызы Жаңауыл кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінде анықталды. Ол туыстарымен байланысқа шықпаған, өйткені олармен араласқысы келмеген және ата-анасынан бөлек тұрғысы келген.

– Адамдардың жоғалуының басты себебі – алкогольге тәуелділік. Басқа себептердің қатарында – отбасындағы шиеленіс, ал кейде адамдардың өз жоспарлары туралы ешкімді хабардар етпей кетіп қалуы, – дейді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жамиев.

Айта кетерлігі, 2024 жылдың төрт айында аймақ полициясына азаматтардың хабар-ошарсыз кеткені туралы 118 өтініш түскен. Оның ішінде жедел уәкілдердің күшімен 115 азаматтың орналасқан жері анықталған.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі