USD
USD
USD

Қырғызстанда сел ағызып әкеткен төрт адамның денесі Өзбекстаннан табылды

Қырғызстанда селмен ағып кеткен 39 жастағы әйелдің денесі арада екі күн өткенде Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылды, деп хабарлады Kazinform.

Қырғыз ТЖМ
Фото: Қырғыз ТЖМ

Алматы, NEGE. Оның денесін көрші елдің құтқарушылары 16 шілдеде тапты.

Мұның алдында 146 маман жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылған еді.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, Ош қаласы мен ауылдарда сел жүріп өткен болатын.

Қалада төтенше жағдай жарияланды.

Тасқын «Молбұлақ» демалыс орталығында тұрып жатқан 4 адамды ағызып әкетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері, яғни 44 жастағы анасы мен 19, 10 және 6 жасар үш қызы.

Қыздардың денесі Өзбекстан аумағындағы Шахрихансай каналынан табылған. Ал анасының мәйіті Ақбура өзенінен шығарылды.

Ош облысындағы күшті селден кейін Қарасу аудандық электр желілерінен электр қуатын алатын 7,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды.

134 үйді су басып, 17 үйдің қоршауын қиратты.

Қазір оқып жатыр

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз