USD
USD
USD

Юлия Путинцева жұптық сында алғаш рет WTA 1000 жарысының финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Юлия Путинцева
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге жартылай финалда чехиялық Линда Носкова – ресейлік Диана Шнайдермен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.

Қазақстандық-канадалық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 16 минутқа созылған матчта екеуі 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Носкова – Шнайдер 2 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Юлия Путинцева – Лейла Фернандес чемпиондық атақ үшін жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад – жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен таласады.

Д.Шнайдер Париж Олимпиадасында Мирра Андреевамен бірге өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанған еді.

Қазақстандық теннисші жұптық сында осыған дейін ресейлік Анна Калинскаямен Осака (Жапония) WTA 250 додасының финалына шыққан болатын. Ал WTA 1000 деңгейінде алғаш рет финалға өтіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес