USD
USD
USD

Су спортынан Эдуард Ким мен Наргиза Болатова үздіктер қатарынан көрінді

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова еркін бағдарламада үздік бестікке енді, деп хабарлады Kazinform.

Дохадағы жарыс
Фото: World Aquatics

Алматы, NEGE. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ұлттық құрама спортшылары көркем жүзудің аралас жұптық сынның финалында, 170.6875 балл алды.

Таңдаулы 12 дуэт сынға түскен сайыста Қытай құрамасы (Вэньтао Чэн мен Хаоюй Ши) жеңіске жетті. Күміс Испания, қола медаль Мексика атлеттеріне бұйырды.

Кешегі іріктеуде Ұлттық құрама 7-орынға табан тіреп, бүгінгі ақтық бәсекеге жолдама алған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын осы жаттығудың (дуэт микст) техникалық бағдарламасында Эдуард пен Наргиза топ жарып, Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлаған.

Жалпы су спорты түрлерінен әлем чемпионаты 18 ақпанда мәресіне жетеді. Қазір Қазақстан командалық есепте 1 алтынмен 10-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер

БҚО-да колледж студенті әкесін сотқа беріп, айына 40 мың теңге алимент өндіріп алды

блогер соты

Машинист айдалада жалғыз жүрген кішкентай бала үшін пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Машинист пен бала

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін: FAA шешуші тексерісті бастады

әуе рейстері