USD
USD
USD

Израиль әскерилері Газа секторында кепілге алынған үш адамның мүрдесін тапты

Израиль Джебалидегі операциясын жалғастырып, РАФАХ-қа қарай жылжып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

израил
Фото: Euronews.com

Атырау, NEGE. Газа секторында кепілге алынған үш адамның мәйіті табылды. Олар Израильге жеткізілді. Бұл туралы Израиль армиясының өкілі мәлімдеді.

Газа секторында израильдік әскерилер кепілге алынған үш адамның – Ицхак Гелернтер, Амита Бускила және Шани Луктың мәйітін тапты, деп хабарлады ЦАХАЛ өкілі.

Хабарламада үшеуін де 7 қазанда Нова фестивалінде содырлар жасаған қырғын болған жерде ХАМАС өкілдері өлтіргені айтылған. Содырлар мәйіттерді Газаға жеткізді.

Шани Лук Израиль мен Германияның азаматы болған. ХАМАС ұйымы қыздың мәйітін ашық көлікпен анклав көшелерімен тасымалдап жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Содан кейін бұл суреттер бүкіл әлемге тарады. Ата-анасы қыздарын киімі мен татуировкасынан таныды. Ол кезде оның тірі немесе өлі екені әлі белгісіз еді.

Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі Джебалии босқындар лагерінде ХАМАС-қа қарсы операциясын жалғастырып жатыр. Әскерилер мұнда бірнеше күннің ішінде екі жүзден астам содырдың өлтірілгенін айтты.

Ондаған адам тұтқынға алынды. Анклавтың оңтүстігінде Израиль армиясы ХАМАС-тың соңғы тірегі саналатын Рафахқа қарсы шабуылын жалғастырып жатыр.

Осы уақытта АҚШ әскерилері салған пирс арқылы Газаға гуманитарлық көмек келе бастады. БҰҰ атап өткендей, бұл жоба өте маңызды, бірақ ол анклав халқын азық-түлікпен, сумен және отынмен қамтамасыз ету үшін қажетті жер асты қорын алмастыра алмайды.

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу