USD
USD
USD

Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.

пр
Фото: akorda.kz

Астана, NEGE. "Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Кувейт Әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу