Педиатрия орталығының дәрігерлері 100-ден астам баланы тегін қарады
1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 29 мамыр күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бір топ дәрігерлері балаларды тегін қарады.
Алматы, NEGE. 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 29 мамыр күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бір топ дәрігерлері мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар аурулары кафедрасының мамандары Іле ауданындағы балаларды тегін қарады. «Педиатриялық десант» қайырымдылық шарасы Алматы облысы, Іле ауданының «Almaty Contact logistic» базасында өтті.
Педиатрия орталығы мамандары аталмыш холдинг қызметкерлерінің балаларын қарап, кеңестерін берді. Дәрігерлер бір жастан 17 жасқа дейінгі барлығы 100-ден астам баланы қарап, денсаулықтарын тексерді.

Қызметкерлер балаларын невролог, педиатр, офтальмолог, хирург, гастроэнтеролог, гематолог және т.б.мамандарға көрсетіп, жүректің, іш қуысы мүшелерінің және бүйректің ультрадыбыстық зерттеуінен тегін өтуге мүмкіндік алды.
Медициналық тексеру кезінде балалар денсаулығынан анықталған негізгі кінәраттар – анемия, көру өткірлігінің нашарлауы, іш қату, тіс кариесі, скалиоз, аллергиялық аурулар, гаджеттердің әсерінен жүйке жүйесінің бұзылуы, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесінің патологиялары. Қосымша тексерілу мен қаралуды қажет ететін балалар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына емделуге жіберілді.

«Педиатрия орталығы жыл сайын Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі түрде түрлі акциялар өткізеді. Биыл біз «Almaty Contact logistic» холдингінің өтінішімен, сол мекемеде қызмет жасайтын мамандардың балаларын қарауды шештік. Бұл компания ұлт саулығына аса зор мән береді. Аталмыш компания біздің орталыққа балаларды қарауға, диагностика жасауға қажетті, өте қымбат тұратын медициналық құрал-жабдықтарды алып беруге, біздің орталықтың зертханасын жөндеуге үлкен көмеген тигізгендігін атап өткім келеді. Бүгін холдинг қызметкерлері барлық қабылдаулар мен узилерден тегін өткендері үшін дән ризашылықтарын білдіруде. Біз де көмегімізді тигізгендігімізге тәнтіміз», деді Ақылы диагностикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі, гастроэнтеролог-диетолог дәрігер Альфия Назарова.
Қазір оқып жатыр
«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген
Қыз алып қашу заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады – Артур Ластаев
Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»